Аманкелділіктер акцияға үн қосты

Аманкелділіктер акцияға үн қосты

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында өткен облыстық сенбілікке Аманкелді ауданынан 240-тан астам адам қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосты. Іс-шараға мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, еріктілер, мемлекеттік қызметшілер мен ауыл тұрғындары жұмыла атсалысты. Тазалық жұмыстарына 6 техника тартылып, нәтижесінде 15 тоннаға жуық қалдық шығарылды.

– Осындай іс-шараларға қатысу әр азаматтың парызы деп есептеймін. Ауламыздың, ауылымыздың таза болғаны бәрімізге жақсы. Ел тұрғындары қоршаған ортаны қорғауға басты бағдарға алатын болады. Барлығымыз бірігіп, жақсы іс жасадық, – дейді аудан тұрғыны Ержан Әділханұлы.

Бұл сенбілік тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып қана қоймай, табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейтін маңызды бастама болды.

Айбол ӨМІРТАЙ
Аманкелді ауданы

Жаңалықтармен бөлісу