Бүгін Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Бүгін Қостанай облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Қостанай қаласы мен Қостанай облысы аумағында өткізілетін терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу іс-шарасын  облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы ұйымдастырып отыр.

Оқу-жаттығу барысында террористік қауіп төнуі мүмкін объектілерде туындауы ықтимал түрлі жағдайларға жедел әрекет ету сценарийлері пысықталмақ. Бұл жаттығу арнайы және құқық қорғау органдарының үйлесімді іс-қимылын жетілдіруге бағытталған.

Іс-шара кезінде автокөлік пен тұрғындардың қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.

Осыған байланысты Қостанай облысы тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды.

Жалпыға ортақ тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді, жалған ақпарат таратпау керектігін ескертеді.