Борис Романов ауылында жаңа әрі алғашқы саябақ пайдалануға беріледі

Борис Романов ауылында жаңа әрі алғашқы саябақ пайдалануға беріледі

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қуатты күшке айналып келеді. Президент пәрмен берген жобаны ілгерілету ауылдардан басталып жатыр. Борис Романов ауылындағы жаңа саябақ аймағы – осы акция аясында бірінші рет бой көтеріп отырған нысан. Бұған 25 млн теңге инвестиция құйылған. Оның 20 млн теңгесі – демеуші қаржысы. Ал демеуші алыстан келген жоқ. «Борис Роамновский» ЖШС директоры Алдаберген Жұмағұлов. Бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі және ауыл инфрақұрылымын дамыту қағидасымен ауылдастарын қуанышқа кенелтіп отыр.blankblank

«Мен осы ауылдың түпкілікті тұрғынымын. Бізде мұндай көркем саябақ бұрын-соңды болмаған. Бұл – тұрғындар үшін, балаларымыз үшін ерекше қуаныш. Іргетасы құйылған күннен бастап, ауылдастардың бәрі құрылысшыларға қуана-қуана қол көмегін тигізді.  Көшет егуге жәрдем еттік. Ендігі жерде ұқыппен қараймыз. Ағаштарын, гүлзәрін суарып, сырлап-әктеп, күтім жасаймыз. Өйткені бұл өзіміз үшін жасалып жатқан дүние ғой», – дейді ауыл тұрғыны Валентина Михалева.

blankСаябақ ішіндегі жүргінжолдар асфальтталып, заманауи екі самалдық және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге арналған сахна орнатылған. Осындағы ойын алаңы әлден-ақ ауыл балаларының сүйікті орнына айналған. Жасанды көгал жабыны бар шағын футбол алаңының құрылысы да таяу күндері аяқталады. Шағын ауыл үшін бұл нысан тамаша сейіл-серуен орны болғалы отыр.blank

«Мұнда 20 түп қарағай және 100 түп сүмбіл терек егілді. Бұл осы маңның экологиялық күйін жақсартып, аумақтың заманауи эстетикалық келбетін аша түспек. Саябақтың әр бұрышына жарықтандыру құрылғылары, металл еуроқоршау орнатылды. Құрылыс жұмыстары аяқталудың алдында тұр», – деді ауылдық округ әкімі Алтынбек Нұртаев.

blankblankОсында облыс әкіміне аудандағы ауылдарда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында іске асып жатқан ілкімді жобалар таныстырылды. Қостанай ауданында қазір жалпы құны 117 млн теңге болатын жобалар қолға алынған. Бұл қаражаттың басым бөлігін кәсіпкерлер бөліп отыр. Бизнес өкілдері спорт алаңдарын салып, қоғамдық орындарды абаттандырып, экологиялық акцияларға белсенді қатысып жатыр. Соның жарқын мысалы – осы саябақ.blankblank

«Президентіміз айтқандай, қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық әрбір адам үшін күнделікті әдетке айналуға тиіс. «Таза Қазақстан» – бір күндік немесе бір айлық науқан емес, жыл бойы тұрақты түрде жүргізілетін жұмыс. Биыл облыста 77,3 мың көшет егу жоспарланып отыр. Көктем шығысымен 30 мыңнан астам ағаш пен бұта егілген. Кө пәтерлі 37 үйді жөндеу, 31 балалар алаңын салу және тозығы жеткен, апатты күйдегі үйлерді сүру көзделеді. Ал мына саябақ, құрметті ауыл тұрғындары, сіздер үшін жасалған игілік. Құтты болсын!» – деді Құмар Ақсақалов.

blankБағдарлама басталғалы облыста 400-ден астам қоғамдық кеңістік абаттанып, 250-ден артық балалар және спорт алаңы пайда болған. 600-ге жуық заңсыз қоқыс орны жойылып, 1250 апатты, иесіз ғимарат сүріліпті. 277 мың түп көшет егілген.blank

Жандос Жүсіпбек

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ