Арқалықта спорт нысаны ел игілігіне ұсынылды

Арқалықта спорт нысаны ел игілігіне ұсынылды

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Әуелбеков көшесінде балалардың шағын футбол алаңы пайдалануға берілді.

Нысанды өз қаражаты есебінен қалаға демеушілік көмекпен сыйға тартушы — «Арқалық құс» ЖШС.

Спорт алаңының салтанатты ашылуында қала әкімінің орынбасары Мешітбай Жұманов, «Арқалық құс» ЖШС бас директоры Жамила Исмайлова және үй тұрғындары атынан Күләш Елубайқызы құттықтау сөз сөйлеп, ризашылықтарын білдірді.

blankblank Демеушілік жасаған серіктестік басшылығына қала әкімінің алғыс хаттары тапсырылды.

Судай жаңа нысанның кермесін қию рәсімі үй тұрғындары атынан, зейнеткер Рысты Рахманова мен футболдан жасөсрірімдер арасында облыстық жарыстың жеңімпазы, жүлдегері, Қостанай облысының құрама командасының ойыншысы Әли Темірбекке берілді.

Әли Темірбек,

Облыстық құрама команданың ойыншысы:

blank

«Асыр салып қуанып жатырмыз. Балалар спортпен айналысса денсаулықтары мықты болады. Бізге осындай зор қуаныш сыйлаған ағайлар мен апайларға зор алғысымызды білдіреміз. Барлық бала бақытты болсын».

Балаларға тамаша тарту жасаған серіктестік нысанды салып шығу үшін 8 миллион теңге қаражатын жұмсаған. Ауладағы шағын футбол алаңы Әуелбеков көшесіндегі №24,28,30 және Маясова көшесіндегі №30 үйлеріне қызмет етеді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Жаңа футбол алаңына жасанды төсеніш төселіп, жарықшамдар орнатылған.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                                      Арқалық қаласы