Біз сыннан сабақ алуымыз керек

Біз сыннан сабақ алуымыз керек

Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат біздің қоғам үшін лакмус сынағы болды.

Мыңдаған қостанайлықтар су тасқынына қарсы күресте бірікті. Арнайы қызмет қызметкерлері ғана емес, еріктілер де зардап шеккендерге тәулік бойы қапқа кұм толтырып, көпірлерді нығайтуға көмек көрсетуде.
Ортақ үйімізді қорғауға әрқайсысы өз үлестерін қосуда.
Еріктілер арасында Baitursynuly University студенттері, оқытушылары бар екенін жақсы білемін. Апатпен күресуге бейжай қарамаған жерлестеріме алғысым шексіз!
Барлық құтқару жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бақылауында. Президент қазақстандықтарға жолдаған Үндеуінде атап өткендей:
«Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы».
Бұл мақсатта Қостанай облысында тұрғындар алдын ала эвакуацияланды.
«Мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды», – деп атап өтті  Мемлекет басшысы.
Қазір енді алапат су тасқынының алдын алып, мұндай табиғи апатқа жол бермеу үшін сабақ алуымыз қажет.
Сейтбек Қуанышбаев

Қостанай өңірлік универтитетінің ректоры

Жаңалықтармен бөлісу