Бала құқығы – басты құндылықтардың бірі

Бала құқығы – басты құндылықтардың бірі

Балалар құқықтары “Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы” 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 заң шеңберінде қатаң сақталуы тиіс.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” және “әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” екі заңға қол қойды.

Бұл кешенді тәсіл балаларға олардың дамуы, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар заңдар мен нормативтік актілер бар. Мысалы, балалардың тегін және сапалы білімге қол жеткізуіне кепілдік беретін “Білім туралы” заң бар. Сондай-ақ, бала құқығын қорғау бойынша Білім және ғылым министрлігінде Білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жедел желі телефондарына хабарласуға болады. Мемлекет балаларды әлеуметтік қорғау жүйесін жақсарту үшін белсенді жұмыс істеуде. Мемлекеттік органдардан басқа, қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес қорлар және ЮНИСЕФ сияқты халықаралық ұйымдар белсенді рөл атқарады. Олар балалардың құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізеді, психологиялық және заңгерлік көмек көрсетеді.

Құқықтық статистика комитетінің ресми мәліметінше, зорлық-зомбылық мәселесі бойынша жылына 800-ден астам бала тіркелген. Бұндай олқылықтардың алдын алу үшін оқу орындарында психологтардың, инспекторлардың, құқық қорғау қоғамының сарапшыларының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілуге тиіс. Тағы бір мәселе -баланың денесіне зақым келтіру. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін кейбір ата-аналар ұрып-соғуды тәрбие құралы деп ойлайды. Бұл өте қате түсінік. Бұл баланың құқықтарын бұзудың кейбір мысалдары ғана, ал іс жүзінде жағдайлар әлдеқайда күрделі және әртүрлі болуы мүмкін.Тіпті мұғалімдер оқушыларын осындай әдістермен тәрбиелеуді норма деп санайды. Ең бірінші кезекте ата-ана бала өміріндегі ең маңызды, ең қымбат және сүйікті адамдар екенін ұмытпаған абзал. Баламен шын жүрекпен сөйлесу қажет. Ол үшін қорқынышты, зұлым және бейтаныс адам емес, тірі аңыз, жағымды кейіпкер бола білу керек.

Ата-аналардың балаға физикалық және психикалық зорлық-зомбылық жасауға, оларды коммерциялық мақсатта пайдалануға, бала күтіміне немқұрайлы қарап қана қоймай кемсітуге, қауіпті жағдайларда оларды қараусыз қалдыруға құқығы жоқ. Аталған тыйымдар мен шектеулер балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың қауіпсіздігін, денсаулығын және қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Егер ата-аналар баласының денсаулығына қарсы қасақана қылмыс жасаған кезде ата-ана құқықтарынан айырылады. Егер ата-аналар балаларына қамқорлық жасамаса және оларды тәрбиелеуге қатыспаса сот ата-ана құқығынан айыруы мүмкін.

Несібелі Басенова,

Қостанай облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкілі

 

Жаңалықтармен бөлісу