Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті қостанайлықтар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Біздің көпұлтты халқымызды бейнелейтін бұл тамаша көктем мерекесі, әрбір қазақстандық үшін қымбат. Бірлік пен ынтымақ – ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Еліміздің әлеуметтік саясаты осы құндылыққа негізделген. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық этностардың бірлігі, келісімі мен өзара түсіністігінің арқасында біз тәуелсіздігімізді нығайтып, әлемдік танымалдылыққа ие болып, әлеуметтік-экономикалық дамуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік.

Орасан зор сын-қатерлер пайда болған қазіргі заманда ынтымақ-бірліктің маңызы арта түсті. Біздің халықтың кез-келген қиын сәтте бірлігі нығая түсетіні, барша жұрт бір жанұядай жұмылып іске кірісетініне тарих куә. Бұл, Қазақстан – бәріміздің қасиетті қара шаңырағымыз екенін түсінгеніміз. Күшіміз – бірлікте!

Біздің міндетіміз – ел халқының бірлігін одан әрі нығайтып, керегесі мызғымас ел болу үшін бар күшімізді салу. Бұл біздің ертеңгі күнге деген сенімділігіміздің маңызды көзі.

Бұл жарқын мереке әр үйге қуаныш, бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністік әкелсін. Баршаңызға зор денсаулық, амандық және тұрақтылық тілеймі!

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу