Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация VIP-нөмірлердің бағасын жариялады

Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация VIP-нөмірлердің бағасын жариялады

Былтыр  мамандандырылған ХҚКО “Әдемі” нөмірлерге сұраныстың 30 мыңға жуық мемлекеттік тіркеу белгілерін берген. Автокөлік иелері бұл нөмірлер үшін 10 млрд теңгеден астам ақша төледі.  Демек, алдыңғы жылмен салыстырғанда, қазақстандықтар VIP-нөмірлерге 7 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған.

“Әдемі” нөмірлерді сату тәжірибесі Қазақстанда 2014 жылы енгізілгенін еске сала кетейік. Сатудан түскен табыс ел бюджетіне түседі.

Корпорация мәліметіне сүйенсек, 2023 жылы мына нөмірлер ең жылдам көрсеткіште сатылды: 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707. Әр нөмірлік белгінің бағасы – 57 АЕК (2024 жылы 210 444 теңге).

VIP желісінде  001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 – бірдей әріптермен ең қымбат нөмірлер саналады. Әрбір осындай нөмір автокөлік иесіне 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) шығын әкеледі.

2023 жылы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында бүкіл ел бойынша 3,2 млн-нан астам көлік құралы тіркеліп, 1,1 млн жүргізуші куәлігі берілді.

Жаңалықтармен бөлісу