«Ауылдықтар» наурызды ерекше қарсы алды

«Ауылдықтар» наурызды ерекше қарсы алды

Ауыл партиясы Қостанай өңірлік филиалы Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті.
Рудный қаласындағы №1 Рудный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы КММ-де «Сарыбай» БПҰ белсенділері, «Мейірім құшағы» және мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері орталық тұрғындарына мерекелік іс-шара ұйымдастырып, Наурызды бірге қарсы алды.

Іс-шараның шымылдығы қазақтың дәстүріне сай шашу шашумен ашылып, Қыдыр ата жиналған қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, ақ батасын берді. Бұл – мерекеге ерекше рухани мән беріп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Кездесу барысында ақ жаулықты әжелер мен өнерлі жастардың орындауындағы әндер шырқалып, күйлер орындалып, ұлттық нақыштағы әсем билер көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, ұлттық киімдерімізді дәріптеу мақсатында сән көрсетілімі ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Мереке аясында партияның «Ауыл нақыштары» фотобайқауы да кеңінен насихатталды.
Рамазан айының соңғы күндерімен тұспа-тұс келген бұл шарада комиссия мүшелері интернат тұрғындарына қайырымдылық ретінде ұлттық тағамдардан құралған шағын сыйлықтар табыстады.

Жиналғандар үлкен кісілердің батасын алып, ізгі тілектерге бөленді.

blank blank blank blank

Осындай игі бастамалар – қоғамда мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын нығайтып, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеудің жарқын үлгісі. Наурыз мерекесі әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ әкелсін!