Ауыл әкімі ардагерлердің алғысын алды

Ауыл әкімі ардагерлердің алғысын алды

Аманкелді ауылдық округі әкімі Гаухар Мұратқызы бірнеше отбасыға арнайы барып, сый-сияпат жасады.

Солардың бірі Аманкелді селосының тұрғыны Алтынсариндер отбасы. Биыл Қайырбай ақсақал мен Мәнсия Мұратқызының шаңырақ көтергендеріне елу бес жылға кетті. Бүгінде бес баладан 12 немере, 3 шөбере сүйіп отыр.

“Әкімдіктің айналасында бірнеше жыл тер төктік. Сауда, спорт саласын басқардым. Бүгінде бейнетіміздің зейнетін көріп жатқан жайымыз бар. Мерейімізді асырып отырғандарға рақмет. Әз-Наурыз құтты болсын, Ақ – мол, ырыс – оң болсын”, – дейді Қайырбай Бекқожаұлы.

От анасы Мәнсия қырық жылға жуық есеп саласында еңбек еткен.

“Бұл күн сүйіспеншілік, сенім, өзара көмек, мейірімділік, жанашырлық, отбасына құрмет сияқты отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған. Осы мақсатта “Шаңырақ күні” адал азамат құндылықтарына сәйкес, жас ұрпақты тәрбиелеу ісін дұрыс жолға қойып, олардың бойында патриотизм, адамгершілік, білімқұмарлық пен еңбекқорлыққа деген құштарлықты қалыптастыру жолындағы бірнеше отбасыларға барып атаулы мерекемен құттықтадық. Олардың қатарында ауылдың дамуы үшін еңбек еткен азаматтардың қарасы қалың”, – деді округ әкімі.

Бейбіт НҰРМҰХАНОВ

Аманкелді ауданы

Жаңалықтармен бөлісу