Жаңашылдықтың лебі сезіледі

Жаңашылдықтың лебі сезіледі

 19 наурыз ел тарихында, біздің саяси жылнамамызда Жаңару күні ретінде нық орнады.

Жылдар бойы елімізде елеулі өзгерістер болды, соған сәйкес Президент сайлауы, Мәжіліс, Сенат сайлауы өтті. Мәжілісте партиялармен бірге мандатты үміткерлер бақ сынады. Шынында, бұл күн тұтас ұлттың тағдыры үшін қабылданған жаңа әлеуметтік-саяси өзгерістердің бастауы. Содан бері саяси ортада жаңашылдықтың лебі сезілді.

Сындарлы сәттер, реформаларға толы болды. Халықтың тыныс-тіршілігі мен тұрмысын түзеу үшін үлкен бастамалар қолға алынды.

Президенттік кадрлық резерв бойынша іріктеулер жүріп, соған сәйкес қазір буын алмасып жатыр. Сонымен қатар экономика саласында үлкен өзгерістер болып отыр.

Өткенімізден тін тартып, ұмыт қалғанымызды ұлт жадында жаңғырттық. Келісіп пішілген тонның келте болмайтыны белгілі, ел ертеңі үшін маңызды шешімдерді референдумдар арқылы қабылдауға дағдыландық. Дала демократиясы – Ұлттық құрылтай құрып, ірі кеңес алаңына айналдырдық.

Наурыз айында ел аумағында отырғызатын жаңа көшеттер тәрізді бұл күндері қоғамдық мәдениетке Наурыздың жаңа дәстүрлері сіңіріледі. Отырғызылған көшеттер өніп шығып, ағаштар жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар өз жемісін беріп, қоғамымызды нығайтып, өркендеуге жетелейді.

 

Сейтбек Қуанышбаев,

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры, Қостанай облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі.

Жаңалықтармен бөлісу