Бұл туралы ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінен хабарлады.
Милич Чурчич: Алаңда жанкүйер үшін футбол көрсетеміз
Ертең Қостанайдың “Тобылы” өз алаңында футболдан УЕФА-ның конференция лига ойындары аясында Швейцарияның “Базель” командасына қарсы жауапты кездесуін өткізеді.
Терезе аштың ба, балаңды байқа!
Қостанайда балалардың терезеден құлауы жиілеп кетті. Өткенде бір күнде екі бірдей оқиға тіркелді. Бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Баланың бассүйегі сынып, миы зақымданған. Сол күні тағы екі жасар бала Орал көшесіндегі үйлердің бірінің екінші қабатының терезесінен құлап кеткенін айтып жатыр. Қазір балалар жазылып үйлеріне шықты.
Әлия Алатайқызы: Департамент тек коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеумен айналысады
Қоғам қай кезде болмасын әділеттілікке сүйенеді. Жүгінген халық заң шеңберінде құқық саласының мамандарынан кеңес алғысы келеді. Сол турасында тілшіміз Әділет департаментінің атқарып жатқан істерінен толық ақпарат білу мақсатында басшысы Әлия Алатайқызымен сұқбаттасты.
Қостанай облысында сұйытылған газ тапшы
Қостанай облысында сұйытылған газдың жетіспеуіне бірнеше фактор ықпал етті. Жағдайды әкімдіктің энергетика мен Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық басқармасы түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қамысты ауданының әкімі Ғазиз Ерболатұлы Бекмұхамедов қызметінен босатылды
Облыс әкімінің ағымдағы жылғы 31 шілдедегі өкімімен Ғазиз Ерболатұлы Бекмұхамедов Қамысты ауданының әкімі қызметінен өкілеттік мерзімінің өтуіне және берілген өтінішке байланысты босатылды. Бекмұхамедов Ғ. Е. осы лауазымда 2017 жылдың шілдесінен бастап жұмыс істеді.
Жаңа қаулы күшіне енді: Қазақстанда мереке күндерінің тізімі бекітілді
Жаңа тізімде 19 мереке бар:
АПАТ ҚАЙТСЕ АЗАЯДЫ?
Облыста жол-көлік оқиғалары азаймай тұр. Бұған көлікке мас күйінде отырып, рөлді тізгіндегендер де әсерін тигізбей отырған жоқ. Мәселен, жыл басынан бері көлікті мас күйінде айдаған 707 жүргізуші ұсталып, оның 257-сі көлік жүргізу құқығынан айрылып, 310-ы қамауға алынған.
Қазақстанда қырқүйек айынан бастап дәрігерлердің жалақысы өседі
Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын ұйымдардың медициналық қызметкерлерінің жалақысы артады. 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап олардың лауазымдық еңбекақысына түзету коэффициенттері көтеріледі деп хабарлады stan.kz.
«Мирас» мәдениет үйінде өтетін тікелей эфир
Қостанай қаласының әкімдігі “Тобыл” футбол клубымен бірлесіп, «Мирас» мәдениет үйінде (Маяковский көшесі, 119) «Тобыл» – «Базель» конференциялар лигасының екінші раундының жауап матчын көрсетуді ұйымдастырады.