Астанада өткен стандарттау жөніндегі кеңейтілген ғылыми-техникалық кеңесте ұлттық стандарттар жобалары, оның ішінде деңгейлер бойынша қазақ тілін меңгеруге арналған коммуникативті тілдік құзыреттілік жобасы қаралды. Жоба бойынша енді елімізде кейбір сала мамандары мен студенттеріне қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша тестілеу өткізілмек деп хабарлайды Stan.kz .
Батыр бабамыз ұлықталды
Арқалықтағы ШақшақЖәнібек Қошқарұлының 330 жылдығына орай ұйымдастырылған кешке қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров, белгілі өлкетанушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы Шөптібай Байділдәұлы, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы, тарихшы Баубек Елеуісов қатысып, студент жастарға батыр баба жайлы тарихи деректерді кеңінен әңгімелеп берді. Еліне еңбегі сіңген елеулі тұлға жайлы ұсыныстарын айтты.
Кеншілер шаһарындағы жайлы мектеп қашан бой көтереді?
Бүгінде Рудный қаласында қазақ тілінде білім алуға сұраныс артты. Қаладағы үш қазақ мектебіне оқушы сыймай, одан қалды аралас мектептер тола бастады. Қалалық білім бөлімінің басшысы Темірхан Жайлыбаев қалада қазақша білім беретін мекемелердің әлі де аз екенін айтып отыр.
Қостанайлықтар Республика күнін қалай тойлайды?
Қала әкімінің орынбасары Мәжит Шүленов аппарат жиынында қостанайлықтардың Республика күнін мерекелеу жөніндегі жоспарымен бөлісіп, шаһардағы сыртқы безендірулер туралы баяндады.
Сыртқы істер министрлігінде мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі халыққа қызмет көрсетудің ыңғайлылығы мен сапасын арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру бойынша бірқатар шаралар қабылдады деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Арқалықта ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі күн сайын ұйымдастырылатын болды
Күз шаруа баққан ағайынның жаз бойы атқарған тынымсыз еңбегінің жемісін алға тосатын мезгіл. Әрбір тұрғынның қысқы азық-түлік қорын қамтып алатын шақ. Осыны ескерген Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов қалада апта сайын өткізілетін жәрмеңкені күн сайын ұйымдастыруға пәрмен берді.
Мұғалімдер байқауының өңірлік кезеңіне мыңнан астам өтініш тіркелді
Облыстық білім басқармасы «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» бейнесабақтар мен бейнедәрістер республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталғанын хабарлайды. Республикалық байқау 2018 жылдан бері өткізіліп келеді
Серіктес компаниялар Жітіқарада бас қосты
Жітіқарада “Қостанай минералдары”АҚ-ның 58 жылдығын мерекелеу қарсаңында өткен Орталық Азия хризотил қауымдастығының бірінші жиналысының қорытындысы шығарылды.
Қ.Ақсақалов: “Барлық облыс орталықтарында екі бірдей мұз айдыны жоқ…”
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай қаласының мұз сарайларының жағдайымен танысты. Жас спортшылардың ата-аналары аймақ басшысына шағымдарын айтты. Оларды спорт алаңындағы мұзды толтыру мәселесі толғандырады. Спорт сарайының басшылығы алаңдайтын ештеңе жоқ, жақын арада мәселе шешімін табады деп сендірді.
Алғашқы сыйлық табыс етілді
Өткен жұмада “Қостанай таңының” тарихында алғаш рет онайн ұтыс ойыны ұйымдастырылған еді. Ұтыс иелері редакциямызға хабарласып, өздеріне тиесілі сыйлықтарын алып кетіп жатыр. Солардың алғашқысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылының тұрғыны Алтын Амантаева.