Алғашқы сыйлық табыс етілді

Алғашқы сыйлық табыс етілді

Өткен жұмада «Қостанай таңының» тарихында алғаш рет онайн ұтыс ойыны ұйымдастырылған еді. Ұтыс иелері редакциямызға хабарласып, өздеріне тиесілі сыйлықтарын алып кетіп жатыр. Солардың алғашқысы Науырзым ауданы Өлеңді ауылының тұрғыны Алтын Амантаева.  Алтынның әкесі Жомарт Серкенов газетіміздің тұрақты оқырманы. Бүгінде Өлеңді ауылының әкімі лауазымында.

«Қостанай таңы» газетін үзбей оқып келеміз. Соңғы жылдары ұжым оқырмандарын қуантып, түрлі акция өткізіп жүр. Ұжымның бұл қадамы  жаңаша серпін береді», – дейді қызы Алтын.

Алғашқы  ұтыс иегеріне «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Кенжеш Оразғалиқызы кесе жиынтығын салтанатты түрде табыс етті.

Жаңалықтармен бөлісу