Қала әкімінің орынбасары Мәжит Шүленов аппарат жиынында қостанайлықтардың Республика күнін мерекелеу жөніндегі жоспарымен бөлісіп, шаһардағы сыртқы безендірулер туралы баяндады.
– Қаладағы бірнеше көшеге баннерлер ілінді. Сауда ойын-сауық орталықтарының үлкен ЛЭД-экрандарына мерекелік суреттер орналастырылады. Сондай-ақ, «Елім менің» акциясы аясында қоғамдық көліктерде жастар «Менің елім», «Атамекен», «Қазақстан» және тағы басқа әндерді орындайды. Ұл-қыздар қостанайлықтарға өзімізде өндірілген «Қазақстан» шоколадын тарту етеді. Қала тұрғындары жастардың патриоттық акциясын қолдайды деп сенеміз, – деді М.Шүленов.
Ұлттық мереке болғандықтан жастарды патриоттық бағытта тәрбиелеу ісі басты назарда. Бірқатар акциялар, флеш-мобтар мен челленджер өткізу көзделген.
– Мәселен, Жастар сарайында «Қыран елім – Қазақстан!» флеш-мобы ұйымдастырылады. Акция барысында мемлекеттік әнұран орындалып, көлемі 10-20 метр болатын мемлекеттік туды алып өтеді. Оған 150-ден аса адам қатысады, – деді қала әкімінің орынбасары.
Мерекелік іс-шара 25 қазан күні Сити-орталықта «Мирас» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің, сондай-ақ қалалық мәдениет үйінің солистерінің қатысуымен «Жүрегімнің жыры – Қазақстан» атты концерттік бағдарламамен қорытындыланбақ.

25 қазан Республика күні қарсаңында «Қонай» шағын ауданында пәтер кілттері берілген еді. Игі іс-шара жалғасын тауып, 24 қазан күні «Юбилейный» ықшам ауданында 108 пәтерлік тұрғын үйдің кілті табысталатын болады.
Сералы МЫРЗАБАЙ