Бұл – әлемнің түкпір-түкпірінен келген талантты жас әртістерді, суретшілер мен ақындарды біріктіретін Қазақстандағы ең ірі мәдени іс-шаралардың бірі.
«Шабыт» фестивалінің мақсаты – дарынды жастарды қолдау және дамыту, кәсіби шеберлікті арттыру, ұлттық және әлемдік мәдениетті насихаттау, сондай-ақ халықаралық шығармашылық ынтымақтастықты нығайту.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, фестивальге 18 бен 35 жас аралығындағы өнер бағытындағы оқу орындарының студенттері мен түлектері, филармониялар, театрлар мен концерттік ұйымдардың кәсіби орындаушылары қатыса алады. 2025 жылғы 18–22 қараша аралығында ұйымдастырылады.
Номинациялар:
1. Камералық хор. Хор дирижері
2. Академиялық ән айту және концертмейстерлік шеберлік
3. Камералық музыка (скрипка, альт, виолончель, контрабас, фортепиано)
4. Фольклорлық ансамбль (2–5 қатысушы)
5. Эстрадалық вокал (дуэт, трио)
6. Бейнелеу өнері (кескіндеме, графика)
7. Поэзия (үздік әдеби шығарма)
8. Креативті бағыт
Өтінім 2025 жылғы 5 қарашаға дейін қабылданады.

