«АруАна» үздік әйелдер жобаларының республикалық конкурсына құжат қабылдау басталады

«АруАна» үздік әйелдер жобаларының республикалық конкурсына құжат қабылдау басталады

Іс-шара өңірлерде адамдардың өмір сүру сапасы мен  қоғамның әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Конкурсқа маңызды да пайдалы жобалар қабылданып, іріктелген жақсы бастамаларға қолдау көрсетіледі.

ҚР  Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы  8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орайластырып отырған конкурсқа, Қазақстан аумағында әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын әйелдер мен әйелдердің қоғамдық бірлестіктері қатыса алады.

2024 жылғы 5-20 ақпан аралығында өтінімдер толық қабылданып, ұсынылған жобаларға  іріктеу жүргізіледі. Осы уақыт ішінде конкурстық комиссияның қарауымен  жоғары әлеуеті бар үздік әйелдер әлеуметтік жобалары айқындалғалы тұр.

Іріктелген жеңімпаз жобаны Ұлттық комиссияға жолдау мерзімі 2024 жылғы 22 ақпанға белгіленіп отыр.

Байқау бір кезеңде өңірлік деңгейде өткізіледі. Конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен мемлекеттік органдардың, азаматтық сектордың өкілдері, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялардың мүшелері қатарынан кемінде 5 (бес) адамнан құрылады. Конкурсқа қатысу үшін өтінім арнайы нысан бойынша  (қоса беріледі) қағаз немесе электрондық нұсқада растайтын құжаттармен, фото және бейнематериалдармен қоса комиссияға берілуі қажет.

Өтінімдерді көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған қатысушылар конкурсқа қатыса алмайды.

Комиссияға ұсынылған өтінімдер, құжаттар, фото және бейнематериалдар қайтарылмайды.

Конкурстық комиссия мынадай өлшемшарттарды ескере отырып, отырысқа қатысатын барлық мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы шешім қабылдайды:

  • жобаның өзектілігі (1-ден 5 баллға дейін);
  • жобаның әлеуметтік маңыздылығы (1-ден 5 баллға дейін);
  • жобаның қол жеткізілген нәтижелері (1-ден 5 баллға дейін);
  • жобанықамту (1-ден 5 баллғадейін).

Іріктеу қорытындысы бойынша 1 (бір) жеңімпаз жоба Ұлттық комиссияға жіберіледі.

Конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында салтанатты түрде өткізіледі. Жеңімпазға диплом мен ерекшелік белгісі бар мүсінше тапсырылады..

Өтінімді 2024 жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей қағаз немесе электрондық түрінде a.baytursinov@kostanay.gov.kz мекенжайына ұсыну қажет.

 

 Қостанай облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-саясат бөлімі

Байланыс телефоны: 8 (714-2) 575-030.

Мекенжайы: Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66, 701-кабинет.

Жаңалықтармен бөлісу