Арқалықтықтар жаппай сенбілікке шықты

Арқалықтықтар жаппай сенбілікке шықты

Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына ел тұрғындарының үнемі басты назарында. Жыл бойы жалғасатын бұл науқанды арқалықтықтар көктем туысымен тіпті жандандыра түседі.
Әдеттегідей демалыс күні мекемелер мен ұжымдар, үй тұрғындары сенбілікке шығып, қала тазалығына үн қосты. Қолдарына күрек, тырма, сыпырғыш ұстаған тазалық сақшылары көшелер мен көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын қоқыстан тазартып, қалыпқа келтірді.blankТазалық шараларына белсене қатысқан ұжымдардың бірі — Арқалық политехникалық колледжі.blankblank

«Тұрған жерінің тазалығына әркім жауапты. Біз өзімізге бекітіліп берілген аумақтың тазалығын ұдайы қадағалап отырамыз.
Бүгін де ұжым болып шығып, бір кісідей ұйымдасқан түрде сенбілікке атсалысып жатырмыз. Барша қала тұрғындарын тазалық шараларына атсалысуға шақырамыз», — дейді колледждің денсаулық сақтау маманы Бәтима Ақансеріқызы.

blankТазалық жөнінде жақында қала әкімі Әмірхан Асанов та тұрғындарға үндеу жариялаған болатын. Үндеуге үн қосқан тұрғындардың қатары арта түсуде.blankblankКезекті сенбілікте қалалық «Үздік аула» жеңімпазы — Абай көшесі №78 үй тұрғындары тағы да асқан белсенділік танытты.blankblankblankblank

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы