«Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ-нің тапсырысымен «Жастар-Азаматтық бастамалар орталығы» ҚБ Арқалық қаласы жастарының «Алтын кітап-2024» лауреаттарын марапаттау салтанатын ұйымдастырды.
Арқалық қаласы жастарының «Алтын кітабына» жиырмаға жуық көшбасшы жастардың есімдері енді. Түрлі сала бойынша айтарлықтай жетістікке жетіп, ел өмірінде белсенділік танытқан жастарды қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтап, салтанатты түрде марапаттады.
Мәртебелі марапат иелерінің арасында: «Жас көшбасшысы» номинациясы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенті, «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық байқауының жеңімпазы, «Жас Орда» студенттік өзін-өзі басқару» ұйымының көшбасшысы Жазира Әлібекқызы, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық коллдежінің студенті, «Үздік ерікті-2023» қалалық байқауының жеңімпазы, «Табыс жолы 2023:Білім.Ғылым.Кәсіп» атты Халықаралық студенттік ғылыми тәжірбиелік конференцияның лауреаты Гаухар Бауыржанқызы, «Спорт» номинациясы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенті, Қазақ күресінен Қазақстан Республикасы Чемпионатының жеңімпазы Архат Алмасұлы бар. Сондай – ақ, «Жас ғалым» номинациясы бойынша Арқалық қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің библиографы Сымбат Көшкінбай, «Медицина» номинациясы бойынша «Арман Меруерт» ЖШС-і оңалту орталығының директоры Меруерт Кемелханқызы, «Журналистика» номинациясы бойынша Арқалық қаласындағы облыстық №2 әмбебап – ғылыми кітапханасының кітапханашысы Гүлназ Жақия, «Кәсіпкерлік» номинациясы бойынша «Жарасқанова»ЖК жетекшісі Ақмарал Сұлтанбекқызы, «Мемлекеттік қызметтегі белсенділігі үшін» номинациясы бойынша «Арқалық қаласы әкімінің аппараты»ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Жасын Қанатұлы, «Ерекше қоғамдық белсенділігі үшін» номинациясы бойынша «Арқалық көпсалалы колледжі» АКК «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» пәндерінің мұғалімі Сағадат Шәріпұлы зор құрметке ие болды.
Мерейлі шақта Азаматтық ұстанымымен еріктілік қызметтің дамуына қосқан белсенділігі үшін де ерікті жастар көптеп марапатталды.
Тамаша Қозбақова,
Арқалық өңірлік емхнасының дәрігері:
–Медицина саласында он жылға жуық еңбек етемін. Еңбегімді бағалап, осындай үлкен жетістікке жеткізіп жатқан халқыма, қала әкіміне алғысымды білдіремін.
Барша қазақстандықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Осындай қуаныш әр отбасында бола берсін.
Дархан Бейсенбекұлы,
Арқалық қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторы, полиция майоры:
–Ішкі істер органында 15 жылға жуық еңбек өтілім бар. Еңбегімді бағалап жатқанына қуаныштымын.
Еңбек қашанда бағаланады. Жетістіктерім мен ерліктерім кейінгі жастарға үлгі болсын деймін. Жастарымыз әрқашанда халыққа қалтқысыз қызмет етіп, көмек көрсетуге дайын болу керек.
Нұрислам Рағатов,
Айтыскер ақын:
–Есімімнің «Алтын кітапқа» еніп жатқанына алғысым шексіз. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Павлодарда өткен оқушылар айтысында екінші орын иегері, «Қола домбыра» айтысының үшінші орын иегері және Петропавлда өткен айтыстың бас жүлдегерімін.
«Тобыл-Торғай» өңірінің таланттары көп болсын. Жетістіктеріміз таусылмасын.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы