Арқалықта қож-блок өндіретін кәсіпорын ашылды

Арқалықта қож-блок өндіретін кәсіпорын ашылды

“Арқалық қаласында қож-блок (шлакоблок) өндіру” инвестициялық жобасы – жергілікті экономиканы дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған маңызды бастама.
“Стелла+” компаниясы жобаны іске асыруға 70 млн теңге салды. Бұл инфрақұрылым мен өндіріс технологиясына елеулі инвестициялар тартылып жатқанының дәлелі.
Жобаның өндірістік қуаттылығы жылына 36 мың шлак блок болады. Бұл өңірдің құрылыс нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жоба аяқталуға жақын қалды. Жабдықты іске қосу-реттеу жұмыстары және қож-блоктарды сынақтан өткізу шарасы жүргізілді. Өндіріс орнында 10 жұмыс орны құрылды.

“Стелла+” компаниясының келесі қадамы – өндірістік желіні толыққанды іске қосу және қож-блоктарды коммерциялық тасымалдауға кірісу. Бұл оның одан әрі дамуына және нарықтағы позицияларын нығайтуға ықпал етеді деген үміт бар.

Жаңалықтармен бөлісу