Арқалықта бильярд клубы ашылды

Арқалықта бильярд клубы ашылды

Бұл бильярд клубы «Дәл соққы» деп аталады. Қаланың №6 ықшам ауданында орналасқан.

«Спорттың осы түрін дамуға ниеттендік. Бұған дейін 6 жыл қатарынан облыс орталығы Қостанай қаласына барып дайындалып жүрдік. Енді, міне өз қаламыздан спорт сүйер қауымға жаңа мүмкіндіктер беріп отырмыз. Жастарды дайындап, облыстық, республикалық жарыстарға апаруды алдымызға мақсат етіп қойдық. Құдай қаласа мықты спортшылар шығады деген ойдамыз. Негізі бұл спорт – адамды сабырлылыққа, төзімділікке тәрбиелейді. Үнемі қозғалыста болғандықтан денсаулыққа да аса пайдалы», – дейді жекеменшік клуб қожайыны Жансұлтан Оңдасынұлы.

Жерлесіміз Жангелдин ауданы, Шеген ауылының тумасы. Отбасылы, үш баланың әкесі. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқанына он жылдай уақыт болған. Отбасылық бизнестерінде «Нұрсипат» атты жеке азық – түлік дүкендері бар. Бұған дейін 5-6 адам жұмыспен қамтылса, міне тағы 3-4 адамға жұмыс беріп жатыр.

Баласы Нұртілеу ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионы. Өзі жақында бильярдтан облыс чемпионы атанды.

Клуб ашылуына байланысты алғашқы жарысын да өткізіп үлгірді. Әрі қарай әр апта сайын демалыс күндері жарыс өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

blank

blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Демалыссыз, күн сайын таңертеңгі сағат 10:00-ден түнгі сағат 01:00-ге дейін жұмыс істейді.

Кеңшілік Омаров,

Қала тұрғыны:

blank

«Қаламызда бильярд клубы ашылып халықты үлкен қуанышқа кенелтіп жатыр. Жастардың ел қамын ойлап, жасап жатқан іс – шараларына үлкен алғысымды айтамын.

Өзім де келіп, бильярд ойнап, замандастарыммен бірге көңілдерімізді көтеріп жатырмыз. Бұл бізге жақсы демалыс, зор қуаныш сыйлайды.

 Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

Арқалық қаласы