Арқалық қаласында Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған 2017 жылы туған жасөспірімдер арасындағы облыстық футбол турнирі өз мәресіне жетті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген командалар қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша Күміс лигада Көкшетау қаласының «Қайрат» академиясы чемпион атанса, Астананың La Masia командасы екінші орынға ие болды. Ал үшінші орынды «Атырау» футбол орталығының 2017 жылғы екінші құрамы жеңіп алды.
Алтын лигада «Астана» футбол орталығының 2017 жылғы командасы жеңімпаз атанды. Екінші орын «Атырау» футбол орталығының бірінші құрамына бұйырса, үздік үштікті «Тобыл» футбол орталығының 2017 жылғы бірінші құрамы түйіндеді.
Жарыс барысында жеке номинациялар бойынша да үздіктер анықталды. Арнайы марапаттарға Данил Кривич, Әмір Сұлтанбек, Әли Тыныштық, Матвей Устинович, Кирилл Хильчук, Нұрболат Нұрислам, Кирилл Бондаренко және Амиралы Тілеубай ие болды.
Ұйымдастырушылар жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан төрешілерге, жаттықтырушыларға, ата-аналар мен жанкүйерлерге алғыс білдірді. Турнир жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдауына және футболға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Жас футболшыларға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз.
Айша Сейтқан
Арқалық қаласы
