Аманкелдіде патриоттық акция жалауын көтерді

Аманкелдіде патриоттық акция жалауын көтерді

Акцияның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың тұтас Торғай өңірін дамытуға бағытталған жаңа жол құрылысын қолдау. Ұлттық Құрылтайда сөйлеген сөзінде Президентіміз Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне шығатын «Астана – Арқалық», «Торғай – Ырғыз» автокөлік жолының құрылысын салу жөнінде айтқан болатын.

«Жасай бер, туған өлкем» атты патриоттық акцияда қолдарына ел туын, жалынды сөздер жазылған плакаттар ұстаған жастар шеруі аудан орталығын бойлай өтіп, «Жастар» демалыс саябағына табан тіреді.

  blank blank blank blank  Жаңа күре жол еліміздің орталық-батыс аймақтарының арасын жүздеген шақырымға қысқартады және іргелес Арқалық қаласында жаңа аэровокзал салу елдің әлеуетін көтереді.

blankblankАкция барысында жас ұстаз Саягүл Ержігітқызы, жас түлек Айша Ерболқызы және ел ақсақалы Есім Жетпісбайұлы осындай ой-тұжырымдарын ортаға салып, ел-жұртты өңірдің дамуына жасалып жатқан оң қадамдарды қолдауға шақырды.

blankblank

Ізгі шараның құрметіне өңірдің өнерлі жастары ән-жырдан шашу шашты.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                          Арқалық қаласы