Алтын Дала ауылыңда Құрбан айт мерекесі аталып өтті

Алтын Дала ауылыңда Құрбан айт мерекесі аталып өтті

Қостанай ауданына қарасты Алтын Дала ауылындағы «Тату көше» атанған көшенің тұрғындары қасиетті Құрбан айт мерекесін үлкен ықылас-бірлікпен мерекеледі.
Мерекенің таңында ауыл мешітінде айт намазы оқылып, жиналған жамағат қасиетті мерекенің рухани маңыздылығын имамның уағызынан тыңдады. Берік Имам:

«Құрбан айт – мейірімділік пен жанашырлықтың, қайырымдылық пен сабырлықтың күні. Бұл мейрамда адамдар бір-біріне қамқорлық жасап, жақсылыққа шақырылады», — деп атап өтті.

blankНамаздан кейін Мектеп көшесінің тұрғындары бірігіп құрбандық шалды. Сағындық Байданұлы мерекеге арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтап, өз жылы лебізін білдірді:

blank

«Бірлік пен ынтымақтың арқасында ауылымызда осындай жақсы мереке өтуде. Бұл игі дәстүр ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табады деп сенемін», — деді ол.

blank

Мереке күні Мектеп көшесінің тұрғындары ұлттық ойындар мен мерекелік шараларға белсене қатысып, балаларға тәттілер таратылды. Сонымен бірге, ауылда мол дастархан жайылып, ауыл тұрғындары шаттық пен қуанышқа толы мерекелік күнді бірге өткізді.

blank

Құрбан айт – халқымыздың рухани бірлігін нығайтып, ізгілік пен қайырымдылыққа үндейтін қасиетті мереке. Алтын Дала ауылында бұл мейрам кең көлемде атап өтіліп, ауыл тұрғындарының ынтымағы мен бірлігін көрсетті.

Диана Алмасқызы,

ҚӨУ студенті