Аударыспақтан 70 келі салмақта сынға түскен Алмат Ләтіпбек алтын медальға ие болды. ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сәйкес, «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді.
Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.