Бұл туралы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Президент сыйлығының лауреаты Қайсар ӘЛІМ ауыл тұрғындарының атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Қазбек ИСАҒА хат жолдады.
“Сіздің назарыңызға Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Қызбел ауылындағы су тасқынынан зардап шегіп жатқан халықтың жанайқайын жеткізіп отырмын. 12 сәуірдегі дерек бойынша, ауылды су басты. Екі аптадан бері жарық жоқ. Газ, отын, бензин, жанар май таусылды. Телефон байланысы үзілді. Үйлерді су басып, мал шығыны жиілеуде”, – деп бастайды қаламгер депутатқа жолдаған хатын.
Қызбелдің сыртпен байланысы үзіліп қалған. Ауыл топан судың нағыз ортасында қалып, адам төзгісіз жағдайға тап болыпты.
“Облыс, аудан хал-қадерінше көмек қолын созуда, бірақ жағдай асқынып бара жатыр. Сізге өтініш: Міржақып Дулатовтың туған ауылы Қызбелге республикалық деңгейде көмек жасалуына назар аудартсаңыз екен!” – дейді жазушы.