Африкада алауы тұтанған Олимпиада: Қазақстаннан 18 спортшы қатысады

Африкада алауы тұтанған Олимпиада: Қазақстаннан 18 спортшы қатысады

Сенегалда IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті.

Дүбірлі дода тарихта алғаш рет Африка құрлығында ұйымдастырылып отыр.

Ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын дзюдошы Фатима Сұпығалиева мен волейболшы Әлихан Ағабек алып шықты.

blank

Екеуі де 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпаздары. Сонымен қатар Фатима Сұпығалиева 2026 жылы кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанған еді.

blank blank blank

IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына 2000-нан астам спортшы қатысады. Дүбірлі додада 18 қазақстандық 11 спорт түрінен жүлде үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, Дакар-2026 жасөспірімдер Олимпиадасына қатысушыларды анықтау тәртібі өзгерді. Бұл жолы бұрынғыдай арнайы іріктеу жарыстары өткізілген жоқ. Олимпиада жолдамаларын Халықаралық Олимпиадалық комитеті халықаралық спорт федерацияларымен бірлесіп, белгіленген талаптарға сәйкес үлестірді.

📸 Olympickz