Ұлыстың ұлы күні Қостанай қаласының әр бөлігінде өтіп жатыр.
Әуежай шағын ауданының тұрғындары да Наурызды думандатуға жиналды.
Ақшаңқан ақ үйлер тігіліп, жылдағы дәстүрмен ән-күйдің тиегі ағытылып, қазақылықтың иісі аңқитын салт-жоралғылар жасалды.
Қалың жұртшылық бай дастарханнан дәм татысып, «Көрісу» ырымын жасасты, ұлттық ойындардан сынға түсіп, бірліктің ерекше үлгісін шат-шадыман көңіл-күйін бөленді.
Суреттерді түсірген — Бағдат Ахметбеков