ӘСИЯНЫҢ ӘСЕМ ӘЛЕМІ: мерейтойлық әдеби-сазды кеш өтті

ӘСИЯНЫҢ ӘСЕМ ӘЛЕМІ: мерейтойлық әдеби-сазды кеш өтті

Халық ақыны, «Құрмет», «Барыс» ордендерінің иегері Әсия Беркенованың 75 жас мерейтойына арналған рухани іс-шаралар ақынның шығармашылық кешімен жалғасты. «Өмірмен кеңес» атты өлеңмен өрілген кеш өзгеше форматта өтті.

Тұрпаты бөлек бағдарламаны тамашалауға алыс-жақыннан көрермен көп жиналды. Күні кешегі айтысқа келген нөпірден кем болған жоқ. Жыр додасына қатысқан Жүрсін Ерман бастаған құрметті меймандар, айтыскерлер қалың қауыммен бірге көркем кештің куәсі болды.blankblankblankblankКешті ерекше дейтініміз — бастан-аяқ қойылым түрінде өтті. Оның өзегі — ақынның әр жылдары жазған жыр-өлеңдері. Бәрі бір арнаға тоғыса келіп, Әсия Әйіпқызы әлемінің галереясын құрап берген сыңайлы. Облыстық театрдың дарынды әртістері де үлкен еңбек атқарған екен. Ақынның әр өлеңі өмірдің бір үзігі десек, оны актер қыз-жігіттер театр тілінде шебер сөйлетіп, көркем көрініс етіп көптің назарына ұсынды. Балауса Әсия мен кемел Әсияның аралығындағы тағдыршешті сәттер, белестер, оқиғалар, сезім, аңсар, толғаныс, болмыс — бәрі-бәрі әсерлі әуенмен жымдасып, халықты бір күлдіріп, бір күрсініп, бір жылатты. Сахнада жүріп жатқан өмірінің іркес-тіркес сәттерін бүгіннің биігінен бақылап отырғандай, сахнаның оң бұрышына кейіпкер Әсияны жайғастырып қоюы да жақсы шешім. Ол бірде көз алдынан өтіп жатқан оқиғаларды сырттан шолса, енді бірде ішіне еніп кетеді. Мұны уақыт демін сезіну, өткенге оралу, сағынышымен қауышу символы деп ұсақ болатындай…blank blankblankblankblankblankblankblankБас экраннан ардақты апамыздың айтыс аламанындағы кездерінен, «Халық ақыны» атағын иеленген сәтінен бейне үзінділер қосылып, қаршадай қайсар қыздың жетістігіне ауыл болып қуанған тілеулестерін актерлер нанымды сомдап шықты. Ақсақ сезімді, қайсар рухты, енді бірде өмір шындығынан алынған драмаға толы өлеңдерінің адаптациялық көріністерін толқымай көру мүмкін емес.blank blankblankblankblankblankӘрине, мозайкалы қойылым арасында ақынның сөзіне жазылған әсем әндер де әуеледі. Мәселен, Қалибек Деріпсалдиннің «Науырзым» әнін Әсия апамыздың ұлы Аян Айдынәлиев нақышына келтіріп орындады. Бақытжан Сәуекенов әуенін шығарған «Алтын той», Марғұлан Оспанов әнін жазған «Торғай түні», «Балалықты аңсау» туындылары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.blankblankblankblankblankblankblankКештің шарықтау шегінде мерейтой иесі сахна төріне көтеріліп, «Өмірмен кеңес» деп аталатын тамаша өлеңін оқып берді. «Мен Өмірді шай ішуге шақырдым» деп басталатын философиялық астары терең туынды диалог түрінде жазылыпты. Соңында осы өлеңді оқып берудегі, кешті осылай атаудағы мақсат пен мәнін түсіндіре өтті.blank

«Екі күннен бері тапжылмай, осы кешті тамашалап отырғандарыңыз — Алланың бір-ақ рет беретін өмірінің арқасы. Басыңа іс түскенде, қайғы-мұң келген кезде адам өмірмен кеңеседі екен. Менің былтырғы жылым солай өтті. Сондықтан бүгінгі кештің аты — «Өмірмен кеңес». Алланың басты сыйы — өмірмен кеңесіп, мәнді де сәнді ғұмыр кешейік», — деп тебіренді Әсия апа.

blankblankҚалың қауым қоғадай жапырылып құрмет-қошемет көрсетіп, ұзақ шапалақ соқты. Одан соң облыс әкімінің атынан ықылас гүлі табыс етіліп, ізінше көрермен жұрт та десте-бумаларымен сахнаны бетке алып, аяулы жанды қаумалап ортаға алды.blankblankblankblankblankblank«Жұртымның жүзіне тік қарау үшін
Әйтеуір ұятымды қалғытпадым», — деп жырлаған Алаштың Әсиясы екі күн бойы алқалаған ағайынның махаббатына бөленіп, жүміле жұрттың жігерін жандырып, мейірін қандырып, рухын бір асқақтатып тастады.blank

Ж.Балғынбекұлы

Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев