«Әділет» партиясы Қостанайда 12 экологиялық жобаны жүзеге асырмақ

«Әділет» партиясы Қостанайда 12 экологиялық жобаны жүзеге асырмақ

Үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының партиялық тізімі бойынша Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Несібелі Басенова «Таза жол АТ» ЖШС ұжымымен кездесті. Әңгіме кәсіпорынның өндірістік алаңында өтті.

Кәсіпорын қызметкерлері күн сайын қаланы абаттандыру және тазалық жұмыстарын атқарады. Олардың еңбегі көшелер мен қоғамдық орындардың жай-күйіне, жалпы қалалық ортаның қолайлылығына тікелей әсер етеді.

«Қаланың тазалығы коммуналдық қызметтердің жұмысына ғана емес, әр тұрғынның қоршаған ортаға деген жауапкершілігіне де байланысты. Сондықтан абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізіп, экологиялық мәселелерді жүйелі түрде шешу маңызды», – деді Несібелі Басенова.

blank

«Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасында экологияны жақсарту – басты басымдықтардың бірі. Партия Қостанайды таза, жасыл әрі қауіпсіз ету үшін 2031 жылға дейін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 12 ауқымды экологиялық жобаны толықтай жүзеге асырмақ. Қоршаған ортаны қорғау жүйесін реттеу үшін заңсыз қоқыс орындарын толығымен жойып, қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жарату үлесін 27%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды тартып, жастардың басын қосу мақсатында жыл сайын «Taza Qazaqstan», «Таза ауа», «Таза су айдындары», «World Clean-up Day», «Таза Қазақстан: Eco Jasampaz» сияқты жалпыхалықтық акцияларды тұрақты әрі кең көлемде өткізіледі.       

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Б.Б. Аққожина.

Материал Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.