Қостанай облысы PISA-2025-те топ жарды: үш бағытта — үздік үштікте

Қостанай облысы PISA-2025-те топ жарды: үш бағытта — үздік үштікте

Қостанай облысы PISA-2025 халықаралық зерттеуінің қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлері арасында үздіктер қатарынан көрінді.

Өңір оқушылары үш негізгі бағыт бойынша үздік үштікке еніп, республикалық көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті.

Оқу сауаттылығы бойынша Қостанай облысы 419,4 балл жинап, Қазақстан бойынша Астанадан кейінгі 2-орынға ие болды.

Бұл — республикалық орташа көрсеткіштен (385 балл) 34,4 балға жоғары нәтиже.

Бірден екі бағыт бойынша өңіріміз 3-орыннан көрінді: жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша – 445,3 балл (ҚР – 420 балл); цифрлық есептерді шешу бойынша – 477,2 балл (ҚР – 449 балл).

blankblank

Облысымыз математикалық сауаттылықтан да қалыспай тізімнің жоғарғы сатысында тізгін ұстап, республикалық көрсеткіштен 5,2 балл жоғары нәтиже көрсетті.

blank

Бұл нәтижелер – педагогтердің, әдістемелік қызметтердің, білім беру ұйымдары басшыларының және оқушылардың жүйелі әрі бірлескен еңбегінің нәтижесі.