Денисов ауданының он тоғыз елді мекеніне көгілдір отын жетті Фото: www.gov.kz

Денисов ауданының он тоғыз елді мекеніне көгілдір отын жетті

Бұл туралы аудан әкімі Руслан Қатпаев айтты. Ол көрсеткіш пайызға шаққанда, жергілікті халықтың 92  %-і табиғи газдың игілігін көріп жатыр деген сөз.

Алдағы уақытта Перелески ауылының маңындағы Қостанай–Қарабұтақ республикалық тас жолының 151-ші шақырымында орналасқан жол бойындағы қызмет көрсету нысанына және Набережное ауылына газ құбырын тартуға жобалары әзірленіп жатыр.

Бұл бастамаларды жеке кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен іске асырмақ. Ал бюджет қаржысына Гришен ауылында газ құбыры жүргізілмек. Әзірге аталған жобалар бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда.

«Біздің атқарып жатқан жұмысымыз ең алдымен тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға, елді мекендерді дамытуға бағытталады. Осы көрсеткіштерге қарай аудан экономикасы алға басып, тұрақты әлеуметтік даму деңгейіне қол жеткіземіз. Алға қойылған міндеттерді орындау ісі жалғасады. Облыс басшысының барлық тапсырмалары, есепті кездесулерде көтерілген азаматтардың ұсыныс тілектері әрқашан назарымызда», ­– дейді ол туралы аудан әкімі Руслан Қатпаев.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Денисов ауданы