ҚОСТАНАЙЛЫҚ АЛЕКСЕЙ ЧУРКИН — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҮМІТКЕР!

ҚОСТАНАЙЛЫҚ АЛЕКСЕЙ ЧУРКИН — ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНА ҮМІТКЕР!

Қостанай облысының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушісі Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысуға үміткерлер қатарынан көрінді!

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының алдын ала өтініміне сәйкес, Алексей 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын әлемдік додада қорғауға ұсынылған спортшылардың қатарында.

Әлем чемпионаты 2026 жылғы 27 қазан – 8 қараша аралығында Қытайдың Нинбо қаласында өтеді.

Бұл чемпионаттың маңызы ерекше. Себебі дәл осы бәсекеде спортшылар үшін Олимпиада лицензиялары жолындағы күрес басталады!

Айта кетейік, қазіргі таңда ұлттық құраманың құрамы алдын ала болып табылады. Әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың түпкілікті тізімі кейін анықталады.

Бүгінде басты мақсат — дайындықты пысықтап, бабында болу!

Алексей, саған жарыс алдындағы дайындықта сәттілік тілейміз! Биіктен көрініп, ел мерейін үстем етіп, жеңіспен оралуыңа тілектеспіз!

Қостанайдан — әлемдік аренаға! Алға, Алексей!