Мемлекет басшысы қаламгерді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы қаламгерді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

80 жылдық мерейтойында Валерий Михайловқа І дәрежелі «Барыс» ордені табысталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, ақын әрі журналист Валерий Михайловты 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, оның отандық әдебиетке сіңірген айрықша еңбегін жоғары бағалады.

Құттықтау жеделхатында Президент Валерий Михайловтың табиғи таланты мен еңбекқорлығы оны шығармашылық биіктерге жетелегенін атап өтті.

«Табиғи талантыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында шығармашылық жолыңызда ерен табысқа қол жеткіздіңіз. Ұзақ жылдар бойы еліміздің беделді басылымдарында жемісті еңбек етіп, «Казахстанская правда» газеті мен «Простор» журналын басқардыңыз. Адамгершілігі мол әрі өмірлік ұстанымдарынан айнымаған тұлға ретінде қаламгерлер арасында және қоғамда үлкен құрметке бөлендіңіз», – деп жазылған жеделхатта.

Президент сондай-ақ Валерий Михайловтың шығармалары бірнеше буын оқырманның жүрегінен орын алып, ұлттық әдеби қазынаның ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті.

80 жылдық белес. Биік марапат. Ұлт әдебиетіне сіңірген ерен еңбекке көрсетілген зор құрмет.