Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Instagram-парақшасында жазды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Арқалық қаласы әуежайының құрылысы аяқталды. Бүгінде барлық сертификаттау рәсімдері толық тәмамдалды. 3 тамызда әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің №8/26 сертификаты алынды. 18 тамызда «Қазаэронавигация» РМК-ның аэронавигациялық қызметтерді жеткізуші ретіндегі №21 сертификаты қолға тиді. 21 тамызда АРД сериялы №KZ01VKC00000389 аэродромның жарамдылық сертификаты берілді. Қазіргі уақытта Арқалық әуежайы CRJ200 үлгісіндегі өңірлік жолаушылар әуе кемелерін қабылдауға және қызмет көрсетуге дайын», – деп мәлімдеді Құмар Іргебайұлы.
Өңір басшысының мәліметіне сәйкес, өткізілген конкурс қорытындысы бойынша аталған әуе бағыттарының жеңімпазы – «SCAT» әуе компаниясы» АҚ.
Арқалық әуежайында алғашқы әуе рейсін қабылдау 22 тамызға жоспарланып отыр. Ал 1 қыркүйектен бастап тұрақты рейстер орындалады.
🗓 Әр сейсенбі:
— Алматы – Арқалық: 08:50–10:50
— Арқалық – Қостанай: 11:50–12:40
— Қостанай – Арқалық: 13:40–14:30
— Арқалық – Астана: 15:30–16:20
— Астана – Арқалық: 17:50–18:40
— Арқалық – Алматы: 19:40–21:35
🗓 Әр сенбі:
— Алматы – Арқалық: 08:40–10:40
— Арқалық – Қостанай: 11:40–12:30
— Қостанай – Арқалық: 13:30–14:20
— Арқалық – Астана: 15:15–16:05
— Астана – Арқалық: 17:35–18:25
— Арқалық – Алматы: 19:25–21:15
«Арқалық әуежайының қайта іске қосылуы – Торғай өңірінің көлік қолжетімділігін арттырып, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа мүмкіндік беретін маңызды қадам», – деп түйіндеді облыс әкімі.
