Өңірде Women in Tech филиалы ашылып, «Аман бол» жобасы таныстырылды

Өңірде Women in Tech филиалы ашылып, «Аман бол» жобасы таныстырылды

Қостанайда өңірдегі қыз-келіндердің цифрлық сауаттылығын арттырып, IT саласында бағын сынауына жол ашатын Women in Tech Kazakhstan ұйымының ресми филиалы ашылды.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Qostanay Hub алаңында өткен айтулы шарада ең басты жаңалық – әйелдердің жеке деректерін қорғауға бағытталған «Аман бол» арнайы жобасының таныстырылымы болды.

blank blank blank

Бастама Еуразиялық банк, Be Woman және Heartland серіктестерінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр.

Бүгінгі таңда әйелдердің мойнында отбасы тірлігі де, кәсіби жұмыс та бар. Күнделікті абыр-сабырмен жүріп банктік картадан транзакция жасау, баланың репетиторына төлем аудару немесе мессенджерде хат жасысу кезінде алаяқтардың арбауына түсіп қалу өте оңай.

blank

 

«Әйелдердің бір күнде атқаратын шаруасы өте көп. Осындай қарбаласта алаяқтардың айласын байқамай, сараптауға уақыт таппай қалуы мүмкін. Өйткені киберкүдіктілерге мұндай сәт өте тиімді. «Аман бол» жобасы дәл осы мәселені шешуге, қыз-келіндердің цифрлық қауіпсіздігін күшейтуге арналған», – деді «Еуразиялық банк» АҚ ҚФ директоры Қырмызы Жаңбыршина.

Women in Tech Qostanay өңірлік көшбасшысы болып Қазақстандық IT-компаниялар қауымдастығының (ҚАИТҚ) президенті әрі «КАС Консалтинг» директоры Ирина Сулименко тағайындалды. Оның жетекшілігімен филиал Қостанайда білім беру іс-шараларын өткізіп, IT-саладағы белсенді әйелдер қауымдастығын қалыптастырмақ. Маңызды шараға қатысқан спикерлер мен сарапшылар Women in Tech Kazakhstan тең құрылтайшысы Лаура Саламат, Қостанай облысы ақпараттандыру және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Ерик Джакеев, Еуразиялық банктің қауіпсіздік пен маркетинг жөніндегі сарапшылары Наталья Ван мен Нурлан Акимбаев, Be Woman негізін қалаушы Жанна Кан — (онлайн)

blank

Басқосу тек қауіпсіздікпен шектелмеді. Спикерлер заманауи технологиялар мен жасанды интеллектіні (AI) бизнесте қалай тиімді қолдануға болатынын талқылады. Qostanai Hub директоры Дамир Мнайдаров пен Әйелдер күштері альянсының төрағасы Лилия Байжанова кәсіпкерліктегі жұмыс үдерістерін оңтайландыру тәжірибесімен бөлісті.

blank

Ал бағдарлама соңында қатысушыларға күнделікті өмірде, білім алуда және мансапта AI мүмкіндіктерін пайдалануды үйрететін AI for Her мен AI for Her Business жобалары таныстырылды.

Қостанайда ашылған бұл жаңа алаң өңірдегі қыз-келіндерге цифрлық әлемде өзін қауіпсіз сезінуге және жаңа технологияларды еркін меңгеруге үлкен мүмкіндік береді.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ,

Суреттерді түсірген – Василий ВАСИЛЬЕВ