23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау өтеді.
Азаматтардың сайлау учаскелеріне еркін әрі кедергісіз жетуін қамтамасыз ету үшін Қостанай қаласында қоғамдық көлік жолаушылар үшін тегін қызмет көрсетеді.
Қала тұрғындары үшін бұл күні қоғамдық көліктің жұмысы әдеттегі тәртіппен ұйымдастырылады. Алайда басты ерекшелік – жол жүру ақысы алынбайды.
Яғни, 23 тамыз күні Қостанайдың қалалық қоғамдық көлігін пайдаланатын тұрғындар автобустарға ақысыз отыра алады.
Сайлау күнінде қала бойынша 147 автобус бағыттарға шығады. Бұл тұрғындардың сайлау учаскелеріне уақытылы жетуіне, сондай-ақ күнделікті қажеттіліктерін еркін атқаруына жағдай жасайды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
