Қостанай облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады

Қостанай облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады

“Қарасора-2023” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол есірткіні жасырын қойып кету арқылы таратқан.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіден “PvP”синтетикалық есірткінің 96 байламы табылып, тәркіленді. Сондай-ақ гаражды тексеру кезінде тағы 65 синтетикалық есірткі тәркіленді. Жүргізілген сараптамаға сәйкес есірткі заттарының жалпы салмағы 50 грамнан асты, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Ол 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы “Есірткі заттарын өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қойып кетуші есірткіні “Телеграм каналы” арқылы таратып, Рудныйға ғана емес, Лисаковск қаласына да қойып кетіп отырған, – деп түсіндірді Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.

“Қарасора – 2023” операциясы басталғаннан бері Қостанай облысының аумағында заңсыз айналымнан 7 кг астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

 

Жаңалықтармен бөлісу