Облыстық полиция департаментінде елімізде алғаш рет экономикалық білімі бар полиция қызметкерлері арнайы даярлықтан өтіп, тауартану және азық-түлікке жатпайтын тауарларды сараптау бағыты бойынша сарапшы біліктілігін алды.
Сертификаттар жедел-криминалистикалық басқарманың қызметкерлері Карина Клименко мен Марат Жүсіповке табысталды. Құжаттарды Қостанай облысы бойынша Сот сараптамалары институты филиалының басшысы Евгений Сохарев пен Қостанай облысы ПД жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы Нұрлан Арыстанов тапсырды.
Жаңа біліктілік мамандарға қылмыстық істерді тергеу барысында тауарлық сараптамаларды өз деңгейінде жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл сараптамалардың сапасын арттырып, қылмыстарды ашу мен тергеу мерзімін қысқартуға ықпал етеді.
Бұл – қазақстандық полициядағы сарапшылық қызметті дамыту жолындағы маңызды әрі тарихи қадам.
