Көктауға инвестор келеді

Көктауға инвестор келеді

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Арқалақ қаласына қарасты Көктау ауылында да жол мәселесі шешімін тапқан. Аңғар-Көктау көтерме жолын жөндеу бойынша жұмыс толық аяқталып, қолданысқа берілді.

«Көп жылдан бері өзекті болған жол мәселесі толыққанды аяқталды», – дейді ауыл әкімі Нұрболат Қабденов.

Көктау ауылының негізін егін және мал шаруашылығы құрайды. Тұмса табиғаттың иесі Көктау ауылына ірі инвестор көз салып отыр. Мал шаруашылығы бағытында жоспарлы жұмыстарын жүргізбек. Әрине, мұндай ірі шаруашылықтардың ауылға пайдасы тиері анық. Демек, бұл ауылдың болашағы бар деген сөз.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Арқалық қаласы