Арқалыққа қарасты Целинный ауылындағы мектепте мәселе мүлде сын көтермейді. Бастауыш мектепке 6 оқушы, шағын орталыққа 5 бала барады. Тегін тамақпен 9 бала қамтылған.
Қала әкімі Әмірхан Асанов халықпен кездесуінде мектептегі бала санын арттыруға қам жасау қажеттігін айтты.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Есланбек Мәметеков алдағы оқу жылында бұл мектепті жапқаннан басқа лаж жоқ екенін алға тартты.


Керісінше, бұл ауылға қоңсы орналасқан Жалғызтал ауылындағы Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектепте бала саны қанағаттанарлық деуге болады. 2025-2026 оқу жылын 37 баламен бастаған. Ауыл әкімі Олжас Исатайұлы алдағы оқу жылында бала санын 40-қа дейін жеткіземіз деп сендіріп отыр.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
