Пойыз неге тоқтамайды? Фото: lissin.kz

Пойыз неге тоқтамайды?

Фурманов пен Восточный ауылы тоғыз жолдың торабындағы Арқалық қаласының бетке ұстар ауылдарының қатарында. Тірек ауылдар деп аталады. Көшелері асфальттанып, жаңа үлгідегі ФАП сияқты заманауи нысандар бой көтерген. Дей тұрғанмен тірек ауылдарда да шешімін күткен мәселелер бар.

Мәселен, Восточный ауылына бұрын аялдап жүрген «Арқалық-Астана» пойызы қазір жонарқасын көрсетіп өте шығатын болған. Соның салдарынан ауыл тұрғындары жолаушылық билетін Астанадан Арқалыққа дейін алады. Еліміздің бас қаласына сапарлап барғанда да жағдай солай.

«Пойыз тоқтамаса ауылда адам қалмайтын түрі бар», – деп дабыл қағады мектеп директоры Ербосын Сүттібаев.

Мектепте бала саны да күрт азайып кеткен.

Қала әкімі Әмірхан Асанов бұл мәселені назарға алатынын айтты. Сондай-ақ халықпен кездесулерінде ауыл тұрғындарын «Таза Қазақстан» бағдарламасына лайықты үн қосуға шақырды.