Торғайда мәдениет пен өнер өрістеді

Торғайда мәдениет пен өнер өрістеді

21 мамыр – ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күні киелі өнердің ордасы Торғай төсінде де жоғары сән-салтанатымен аталып өтілді.

Халық ақыны Нұрхан Ахметбеков атындағы Жангелдин аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында мереке иелерін аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының төрағасы Светлана Темірханқызы және «Жангелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Жанар Асанқанқызы құттықтап, еңбек озаттарына облыс және аудан әкімдерінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті. Сондай — ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен, «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, «Мәдениет саласының Кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен, Алғыс хаттарымен марапатталғандар да аз болмады. Облыстық мәдениет басқармасының, облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттары да көптеп табыс етілді.

«Мәдениет — ұлт руханиятының алтын діңгегі. Өнер арқылы халықтың болмысы мен тәрбиесі қалыптасады. Барша мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын.

Біздің күшіміз бірлікте,-дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Шалабай.

Марал Қуандық,

кітапхана директоры:

«Кітап — рухани қазына. Оқырман мен өнердің байланысы ешқашан үзілмейді. Мәдениет саласында еңбек етіп жүрген барша жанға шығармашылық табыс тілеймін».

 Гулзира Бакланова,

 Тілдер орталығының директоры:

«Тіл — ұлттың жаны. Ана тіліміздің мәртебесін көтеру де мәдениеттің үлкен бөлігі. Өнер мен тіл әрдайым қатар дамиды».

Алмас Сапиұлы,

Өнер мектебінің директоры:

«Өнер мектебі — болашақ таланттардың алтын ұясы. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетті шыңдау — үлкен жауапкершілік. Өнерге ғашық шәкірттеріміз көп болсын»

Шыңғыс Сәдуақасов,

Мәдениет үйінің басшысы:

«Сахна — халықтың жүрегіне жол табатын ерекше әлем. Өнер адамды жақындастырады, шабыттандырады. Барша әріптестерімді мерекемен құттықтаймын»

blank

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай аудан өнерпаздарының күшімен әзірленген «Халық мәдениеті – асыл мұра!» атты салтанатты кеште Халық ақыны Қонысбай Әбіл атындағы «Ғасырлар пернесі» фольклорлық-этнографиялық ансамблі бастаған өнер майталмандары концертін ұсынды.
Мерекелік іс-шара соңы «Тәуелсіздік» саябағында ағаш отырғызу акциясына ұласты.

МҰРАТ ЖҮНІСҰЛЫ