Рудный қаласында өткен республикалық додада Қостанай облысының жас дзюдошылары жоғары нәтиже көрсетті. Дзюдодан 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер мен қыз балалар арасындағы «Мини татами–2026» республикалық турнирінде өңір спортшылары жүлделі орындарға ие болды.
Аталған жарыста 50 келі салмақта Бахтияр Ордабаев, 55 келіде Инсар Сабиев, 73 келіде Тамерлан Фазылхан, 40 келіде Айым Қабдраш және 57 келіде Адия Анухан қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.

73 келі салмақта Даниял Болатов күміс жүлдегер атанса, 50 келіде Ислам Жұмақан, 44 келіде Анель Сайфиева, 57 келіде Мадина Қайратқызы мен Виктория Грибенкина, сондай-ақ 63 келіде Динара Исмағұлова қола медальға қол жеткізді.
Жарыс қорытындысы бойынша Бахтияр Ордабаев жоғары техникалық шеберлігі үшін «Ең үздік техника» номинациясымен арнайы марапатталды.
Айта кету керек, бұл жетістіктер жас спортшылардың жүйелі дайындығы мен бапкерлер еңбегінің нәтижесі.
