Оқиға кеше кешкі сағат 20:50 шамасында орын алған. Әскери жасақ бастығы ефрейтор Кирилл Грачев және қатардағы жауынгерлер Михаил Савин мен Нұрмұхаммед Сламбек көпқабатты тұрғын үйдің маңында күдік тудырған азаматты тоқтатқан.
Сыртқы тексеру барысында аталған азаматтың қалтасынан пневматикалық қару табылып, тәркіленді.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі хабарлағандай, ол бұған дейін осы қарумен әдейі аспанға оқ атып, қоғамдық тыныштықты бұзған.
Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында құқық бұзушының заңсыз іс-әрекеті дер кезінде тоқтатылды.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды.
