Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар Әлем кубогында екі медаль жеңіп алды

Каирде (Мысыр) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Әлем кубогының 4-кезеңінде Зейнолла Ыдырысов күміс медаль, ал Нариман Курбанов қола медальға қол жеткізді.

Бұл туралы Qazsport хабарлайды. Спортшылардың көрсеткіштері төмендегідей:

1 Гамлет Манукян (Армения) – 14.800
2 Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан) – 14.566
3 Нариман Курбанов (Қазақстан) – 14.566