Арқалықта өткен еркін күрес турнирінің үздіктері анықталды

Арқалықта өткен еркін күрес турнирінің үздіктері анықталды

Жарысқа еркін күрестен, дзюдо, қазақ күресінен спорт шебері Марат Омарханов атындағы Арқалық қалалық «Еркін күрес» спорт клубының шәкірттері ғана қатысты.

Спортшыларды жарыстың бас демеушісі, даңқты спортшының бауыры, белгілі кәсіпкер Самұрат Омарханов, қалалық «Балалар мен жасөспірімдер» спорт мектебінің директоры Сержан Рысмәмбетов және М. Омарханов атындағы Арқалық қалалық еркін күрес клубының жетекшісі, әрі жарыстың бас төрешісі Қайрат Қабдраш құттықтап, қадамдарына сәттілік тіледі.

«Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Әр қатысушы өзінің жыл басынан бергі дайындықтарын көрсете білді. Марат Омарханов атындағы еркін күрес спорт клубында қалалық, облыстық, республикалық деңгейде жүлделі орындар иеленіп жүрген балуандарымыздың қатары жыл сайын арта түсуде. Жаттықтырушы ретінде осы еркін күрес спортының дамып, қаламыздың биіктерден көрінуіне өз үлесімді қосуға білімім мен күш — жігерімді салып келемін. Дайындаған шәкірттерім әлі де биік шыңдардан көрінетініне сенемін. Қазіргі таңда біздің еркін күрес клубында 70 — ке жуық бала дайындалады және осы жарысқа да барлығы толықтай қатысты. Оңтайлы сәтті пайдаланып Марат Омарханов атындағы еркін күрес спорт клубының басты демеушісі Омарханов Самұрат ағайымызға үлкен алғысымды білдіремін», – дейді клуб жетекшісі Қайрат Қабдраш.

blank

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Байрақты бәскенің нәтижесіне нақтырақ тоқталар болсақ: 2017 жылдан төмен жылғы жеткіншектер арасында 18 келі салмақ дәрежесінде — Төренұр Қабылбек, 22 келіде — Әмір Серік, 26 келіде — Ерасыл Амангелді, 30 келіден жоғары салмақта — Әмір Серік, 2014 – 2016 жылы туған жасөспірімдер арасында 29 келіде — Әбілмансұр Серік, 35 келіде — Рамазан Елубай, 40 келіден жоғары салмақта — Айсұлтан Ержан, 2012-2013 жылы туғандар арасында — Айхан Құлсейіт, ересектер арасында 70 келіге дейінгі салмақта — Ербол Монтай, 70 келіден жоғары салмақта — Нұрдәулет Қапан көш бастады.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                         Арқалық қаласы