26–29 наурыз аралығында Республика аумағында «Қауіпсіз үй» жергілікті рейдтік пысықтау шарасы өткізілуде.
Аталған шара аясында Арқалық қаласы Полиция басқармасы «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобы, ювеналды полиция тобының инспекторлары және «Отбасын қолдау орталығы» қызметкерлерімен бірлесе отырып, қалалық ішкі істер басқармасы есебінде тұрған «Қорғаныс нұсқамасы», «Ерекше талап» және «Қолайсыз отбасы» санатындағы отбасыларға тексеру жұмыстары жүргізілді.
Тексеру барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың деректері «FSM Social» ақпараттық жүйесіне тіркелді. Сонымен қатар, аталған отбасыларға қажетті әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «Отбасын қолдау орталығына» жолданды.
«Қала тұрғындарын заң талаптарын сақтауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және қауіпсіздік шараларына бейжай қарамауға шақырамыз», – дейді Арқалық қалалық Полиция басқармасы «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының инспекторы, полиция лейтенанты Ақбота Көбекова.
Тәртіп сақшыларының айтуынша қиын жағдайға тап болған азаматтарға тәулік бойы көмек көрсететін 111, 150 сенім телефондары жұмыс істейді.

Сонымен қатар, кез — келген уақытта 102 нөміріне хабарласып, полиция көмегіне жүгінуге болады.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
