«Алтын әже» Арқалықта

«Алтын әже» Арқалықта

Арқалық қаласының тұрғыны Ғалия Байзақова «Ұлттық киім күні» мерекесіне орай өткізілген республикалық «АЛТЫН ӘЖЕ — 2026» байқауында ГРАН-ПРИ (Бас жүлде — Дубай қаласына жолдама) жеңіп алды.

Байқауды «Taj Models этика және өнер модельдік агенттігі» ұйымдастырған. Мәдени-әлеуметтік сипатқа ие сайыс — қазақ халқының салт-дәстүрін, ұлттық киімін, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, сондай-ақ әйел мен әже бейнесінің қоғамдағы рухани-мәдени маңызын арттыруға бағытталған.

Байқаудың міндеттері: қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық киімін сақтау және дәріптеу, отбасы құндылықтарына құрмет қалыптастыру, «әже, ата-ана, немере» арасындағы рухани байланысты нығайту, әйелдердің белсенді әрі лайықты өмір салтын қолдау, мәдени және отбасылық жобаларды дамыту болып табылады.

Серіктестер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен өткізілген әжелер сынына  отбасылық және ұлттық құндылықтарды құрметтейтін 61-75 жас аралығындағы әйелдер қатысады.

Үміткерлер: «Жалпы ұлттық би» (барлық қатысушылардың қатысуымен ұлттық киімнің салтанат шеруі), «Өзін таныстыру» (визитка), «Сұрақ–жауап» (Қазақтың ұлттық киімі, оның мағынасы мен ерекшелігі туралы сұрақтар), «Шығармашылық өнер» (ән, би, домбыра, көркем оқу және т.б.), «Кешкі заманауи этно-бейне» (Этно элементтері бар заманауи сән үлгісі) кезеңдерінен сынға түскен.

Мәдениет, өнер, қоғам және медиа өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалау критерийлерінде: әже бейнесін ашу, отбасылық құндылықтарды көрсету, ұлттық киімді білу және таныстыру, сөйлеу мәдениеті, сахналық шеберліктеріне көңіл бөлді.

«Алтын Әже – 2026» — ұлттық киім, отбасылық құндылықтар және әжеге деген құрмет мерекесі. Кастинге еліміздің әр өңірінен 60 адам қатысты. Солардың ішінен іріктеліп алынған 15 үміткер байқауда бағымызды сынадық. Бізді бір ай бойы дайындап, жүріп – тұру, сөйлеу мәнері сынды барлық қажеттіліктерді үйретті. Сәнімізді келтіріп, көптің алдына алып шықты.

blank blank blank blank blank

Көп ішінен топ жарып қасиетті «Тобыл – Торғай» өңірінің атын шығарып жатқаныма шексіз ризамын»,-дейді жеңімаз жерлесіміз, «Алтын әже» Ғалия Байзақова.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                                                                             Арқалық қаласы