Еуразиялық банктің «Pay&Drive» промо-акциясының жеңімпазы анықталды. Жаңа Chevrolet Captiva автокөлігі Рудный қаласының тұрғыны Дамир Әбдібековке бұйырды.
Акция талабы бойынша қатысушылар Еуразиялық банктің Mastercard картасымен төлем жасап, әр 200 000 теңге жиынтық сомаға 5 сатып алу үшін бір ұтыс мүмкіндігін алды. Осылайша, күнделікті қарапайым сауда-саттық арқылы үлкен жүлде ұтып алуға мүмкіндік туады. Дамир Әбдібеков 16 жылдан бері банктің тұрақты клиенті.

«Тек Еуразиялық банк картасын ғана пайдаландым. Күнделікті шығындарды осы картамен төлеп келдім. Ешқандай арнайы әрекет жасамадым. Бұрыңғы көлігімді жөндеткенде ақшасын осы картамен төледім. Осылайша айналым акцияның талабындағы сомадан көбірек шықты. Кейінгі уақытта авто-картаны да қолданып жүрмін. Шынын айтқанда, мен күшін күтпеген жағдай болды. Отбасымызбен қуанып жатырмыз», – дейді жеңімпаз Дамир Әбдібеков.
Дамир «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінде» көлік жөндеу шебері болып жұмыс істейді. Отбасылы, төрт баланың әкесі. Қуанышымен бөлісіге жанұясымен, жақындары жиналды.
«Еуразиялық банк» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина жеңімпазды құттықтап, оның ұзақ жылдар бойы көрсеткен сенімін жоғары бағалады.
«Қостанай қаласында нағыз көктемнің шуақты күні орнап тұр. Осындай жылы күнде көңіліміз де ерекше көтеріңкі. Ал жүрегімізге жылу сыйлаған тағы бір қуанышты сәт – бүгін біз екінші жеңімпазымызға автокөліктің кілтін табыстамақпыз. Өз атымнан және бүкіл үлкен ұжымымыздың атынан құттықтаймын! Бұл қуаныш біз үшін де ерекше. Себебі біз еңбек адамына – көлік жөндеу шебері, үлкен отбасының тірегі болып отырған азаматқа сыйлық табыстап отырмыз. Шынын айтқанда, Дамир мырзаны шақырған кезде, ол мұндай үлкен ұтысқа ие боламын деп мүлде ойламаған екен. Бәлкім, телефон немесе теледидар ұтармын деп келген шығар. Ал автокөлік ұтқаны туралы айтылған сәттегі оның таңданысы мен қуанышы әлі күнге дейін есімізде. Жұбайы да ерекше толқып, сөз таба алмай қалған еді. Сондықтан, Дамир, бұл жеңістің дәл сізге бұйырғанына біз өте қуаныштымыз. Жалпы, биыл біздің филиал үшін сәтті жыл болып тұр. Біз бұған ерекше мақтанамыз. Себебі бұл – біздің филиалдан шыққан екінші жеңімпаз», – деді Қырмызы Жаңбыршина.

Акция барысында жалпы 3 Chevrolet Captiva автокөлігі және техникаға 1 000 000 теңгелік бірнеше сертификат ойнатылды.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген – Әли СӘЛІМ
